Текст
24.11.2023
Бос орын!
Байқау туралы хабарландыру «Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Ақмол ауылының жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Пошталық мекенжайы: 021800 Целиноград ауданы, Ақмол ауылы , Гагарина көшесі 1 А
Телефон : 8716 51 51-314
Электрондық...
17.11.2023
“Ақмол ауылы жалпы орта білім беретін мектебі” КММ-нің оқушылары жүйке-жүйесін қалыптастыру, ой-өрісін және көкжиегін кеңейту, мінезін төзімділікке, қозғалысын дәлдікке ептеу мақсатында «Бес табан», «Бес асық» тақырыбында челлендж өткізілді.
16.11.2023
Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетті, деп хабарлайды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев желідегі парақшасында хабарлап, ел халқын құттықтады. «Халқымыздың саны 20 миллионға жетті! Баршаңызды ақжолтай жаңалықпен құттықтаймын! Бақытты отбасы – бақуатты елдің негізі. Мемлекет отбасы құндылықтарын нығайтуға, ана мен баланы қорғауға баса мән береді», - деп жазды Президент. Бұған дейін Ұлттық статистика бюросы Қазақстан халқының саны 19,9 млн адамды құрағанын, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 1,41%-ға артық екенін жариялаған болатын.
15.11.2023
«ҚАТЫГЕЗДІК ПЕН ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» АҚПАРАТТЫҚ НАУҚАНЫ
«ҚАТЫГЕЗДІК ПЕН ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» АҚПАРАТТЫҚ НАУҚАНЫ
Мақсаты:
1. Балаларға қатыгездік пен немқұрайлылық мәселесіне қоғамдық назар аудару;
2. Қоғамда балаларды қатыгездікке төзбеушілік көзқарасын қалыптастыру;
3. Балаларды зорлық-зомбылықтың...
15.11.2023
14 қараша күні “Ақмол ауылы жалпы орта білім беретін мектебі” КММ-не учаскелік полиция инспекторлары және ювиналды полиция тобының қызметкерлері бірлесіп көлік құралдарының жүргізушілерімен “Байқа” және “Сіздің жолаушыңыз- Бала” атты үгіт-насихат акциясы және ЖҚЕ сақтау тақырыптарында жадынамалар мен буклеттер тапсыра отырып, балалардың жарық қайтаратын элементтерді (фликерлерді) пайдалану қажеттілігіне ересектердің назарын аударуға бағытталған профилактикалық әңгімелер жүргізді. Сондай – ақ, оқушылардың арасында ЖҚЕ сақтау тақырыптарында лекциялар өткізді.
15.11.2023
2023 жылғы 15 қараша күні “Ақмол ауылы жалпы орта білім беретін мектебі” КММ-де Арадгер ұстаздарға арналған мерекелік шара өтті. Білім және ғылым саласына өздерінің елеулі үлестерін қосып, жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып, әрі өнегелі тәлім-тәрбие берген ардагер ұстаздарымызға Қазақстан Республикасының оқу ағарту министрі Бейсембай Ғани Бектайұлының атынан алғыс хаттар табысталды.
15.11.2023
Ұлттық валюта күні
“15 қараша – Ұлттық валюта күні.”
Мақсаты: Тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі теңгемен тереңірек таныстыра отырып, оқушылардың өзіндік көзқарастарын қалыптастырып, шығармашылыққа біліктерін дамыту. Туған жеріне , отанына...
14.11.2023
Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының базасында 8-11 сынып оқушылар арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңі өтті. Целиноград ауданы бойынша 25 оқушы қатысты. “Ақмол ауылы ЖОББМ” КММ-нің 11-сынып оқушысы Искаков Аңсар І орын алды✅ Құттықтаймыз!
07.11.2023
"Ақмол ауылы жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-не жоғары сынып оқушыларымен «Жемқорлық мінез-құлықтың мәдени-тарихи факторлары» тақырыбында ақпараттық- түсіндірме жұмысы өткізуге Целиноград ауданының Ішкі саясат бөлімінің бас маманы Д. Бауыржанқызы келді. Мақсаты - өскелең ұрпақтың бойына адалдық пен инабаттылық принциптерін сіңіре отырып, жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастыру.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – баршамызға ортақ іс екені бәрімізге мәлім. Сондықтан да, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға мектеп жасындағы кезден бастап көңіл бөлу керектігі жайлы дәрісте тоқталып өтті. Балаларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды насихаттау және қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы дағдыларды қалыптастыру, адалдық пен парасаттылыққа, сыбайлас жемқорлық сияқты жағымсыз әлеуметтік құбылысқа тұрақты қарсылыққа тәрбиелеу екендігін жеткізіп, ауданда осындай ақпараттық түсіндіру жұмысы атқарылып келе жатқандығы айтылды. Жалпы балаларды әртүрлі жағдайларда «жақсылық» пен «жамандықты» анықтауға, жақсы және жаман әрекеттерді анықтауға үйрету; өз іс-әрекеттері мен құрдастарының әрекеттерін бағалау қабілетін қалыптастыру жөн. Дәріс соңында оқушылар өз ой-пікірлерін ортаға салып сұрақтарын қойды.
01.11.2023
Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз