Ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап облысымызда жалпы білім беретін мектептердің бірінші сыныбына құжаттарды қабылдау басталады. Құжаттарды қабылдау ата-аналардың электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) арқылы www.egov.kz порталы негізінде жүзеге асырылады. Өтініш беру үшін сайтқа кіріп, өтінішті толтырып, тиісті келесі құжаттардың сканерленген көшірмелерін тіркеу керек: ✅ баланың туу туралы куәлігі; ✅ 026/у-3 үлгісі бойынша «Баланың денсаулық құжаты», 065/у үлгісі бойынша баланың денсаулығы жөніндегі құжаттар; ✅ баланың 3х4 см өлшеміндегі фотосурет.