Текст
19.10.2026
Қазақстан Республикасының күніне арналған 1 «Б» сыныбындағы тәрбие сағаты!
Біздің сыныбымызда еліміздің басты мемлекеттік мерекелерінің бірі — Қазақстан Республикасының күніне арналған тақырыптық тәрбие сағаты өтті.
Оқушылар мерекенің тарихымен танысып, еліміздің мемлекеттік рәміздерін еске түсірді. Туған жер, оның әсем табиғаты мен байлығы туралы әңгімелесті. Бірінші сынып оқушылары Қазақстанды не үшін жақсы көретіндері туралы өз ойларымен бөлісіп, әрдайым тату, мейірімді болудың және өз еліңді мақтан тұтудың маңыздылығын түсінді.
Балаларымыздың жүрегінде Отанға деген сүйіспеншілік, ел тарихына деген құрмет пен жарқын болашаққа деген сенім арта берсін! 💙💛
Мерекеңмен, аяулы Қазақстан!