Текст
05.10.2023
Биыл тұңғыш рет 5- қазан ҰСТАЗ КҮНІ болып жарияланды. ✨✨✨
05.10.2023
2023жылғы 5 қазан күні “Ақмол ауылы жалпы орта білім беретін мектебі” КММ-де дублер күні аталып өтті. Осы жауапты іс-шараға балалар көп дайындалды, олар мұғалімдердің басшылығымен сабақ кестесін құрып, әр сабақтың жоспарын жазды. Мектепте ерекше атмосфера орнады, қыздар сәнді киініп, ұлдар костюмде галстук тағып осы күнді қызықты да, мазмұнды етіп көрсетуге тырысты. Мектеп дәлізінде мұғалімдерді күтіп алудан және құттықтаудан басталды. Осы күні мектептегі тәртіп биік деңгейде болды. Дублер күні бұл оқушылар нағыз мұғалімдер бола алатын күн, сабақтарды жүргізудің маңызды екендігін сезіне алады. Осы күні мектеп директоры Тойшыбек Ерасыл (10 “А” сынып) және директорының орынбасарлары Болатова Махаббат (10 “А” сынып), Байрақ Гүлжамал (9 “Г” сынып) болды. Күн қорытындысы қиын емес, қызықты екен деген ортақ ойға келді. Жалпы бойынша дублер болған оқушылар жиналыс өткізіп, әр қайсысы өз пікірлерімен бөлісті.
05.10.2023
4 қазан күні болған “Ақберен" республикалық байқауының аудандық кезеңінде "Эссе жазу" номинациясы бойынша 10 «а» сынып оқушысы Тукен Айнұр ІІ орын, жетекшісі - Туркешова Манара Амановна; "Ұлттық аспапта өнер көрсету" номинациясы бойынша 10 «а» сынып оқушысы Досан Диляра ІІІ орын, жетекшісі - Жұмабаева Айнұр Амантаевна; "Көркем сөз оқу" номинациясы бойынша 8 а сынып оқушысы Қабдулла Нұрай ІІІ орын, жетекшісі - Айдосова Бибігүл Елеусизовна. Құттықтаймыз!!
05.10.2023
2023 жылғы 05 қазан күні “Ақмол ауылы жалпы орта білім беретін мектебі” КММ-де Мұғалімдер күніне арналған мерекелік шара өтті. Мерекелік шараға ұлағатты ұстаздарымыз қатысты. Мектебіміздің директоры Сагындык Бесимбаевич ұлағатты ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтап, жаңа оқу жылында сәттілік тіледі. Кәсіби мереке қарсаңында білім және ғылым саласына өздерінің елеулі үлестерін қосып, жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып, әрі өнегелі тәлім-тәрбие беріп жүрген ұлағатты ұстаздарға «Айрықша еңбегі үшін» алғыс хаттар мен грамоталар табысталды. Кәсіподақ төрайымы атынан мұғалімдер алғыс хаттармен марапатталды. Іс-шараны жоғары деңгейде өтуіне үлес қосқан кәсіподақ ұжымына алғысымыз шексіз. Меркелік шараны ұйымдастырған –Кәсіподақ төрайымы Жанар Амантаевна, ДТІЖО Гульсара Амангельдиновна, Жанна Канапияновна, Шынар Қабақбайқызы; аға тәлімгер Аяулым Оңдасынқызы.
03.10.2023
"Клубтағы мүшелерді қабылдау рәсімі" Мақсаты: Психологияға қызығушылықты қалыптастыру, клуб міндеттерін жүзеге асыру үшін психологиялық-дамытушы кеңістік құру, өзара әрекеттестіктің әлеуметтік-психологиялық дағдыларына жаттықтыру. 5-10 сынып оқушылары психологиялық клубқа мүше болды,ант қабылдады. Оқушыларға сертификат берілді. Өткізген мектеп педагог-психологтары: Хавдраш Ж. Миллер Е.В.
03.10.2023
Ақмол ауылы жалпы орта білім беретін мектебі” КММ-нің оқушылары, “Қарттар күніне” орай, Аққайын ауылында орналасқан «Шапағат» қарттар үйіне барып қайтты. Балаларымыздың келгеніне қатты қуанып қалған қарттар мен мекеме қызметкерлері риза болып, жақсы көңіл-күймен қарсы алып алды. Оқушыларымыз мәдениеттілік танытып, амандасып, халдарын сұрап, өздері дайындап әкелген қазақша, орысша өлеңдерін хормен айтып, тақпақтарын мәнерлеп оқып, сол жердегі ата-әжелердің көңілдерін бір серпітіп тастады. Кетер соңында бірлесе суретке түсіп, жақсы-жақсы тілектер айтып, қош айтысты. Осылайша балалар үшін естен кетпес бір кездесу (Қарттармен) осылайша тәмам болды. Балаларды «Қарттар үйіне» апарып, кездесуді ұйымдастырған –ДТІЖО Шынар Қабақбайқызы, музыка пәні мұғалімдері Асел Нурсагитовна мен Фариза Ғалымжанқызы, аға тәлімгер Аяулым Оңдасынқызы.
03.10.2023
Мектеп оқушыларының 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай "Қарттарға жылулық пен қамқорлық сыйлайық!" тақырыбында ашық хат әзірледі. ТАЛАП: -Сыни және креативті ойлау. -Дұрыс қарым-қатынас орната білу. АР-ҰЯТ: - Достарына, сыныптастарына, отбасы мүшелеріне қамқор болу, мейірімділік таныту. - Өзін отбасының, сыныптың, мектептің, қоғамның, Отанның бір мүшесі екенін сезіну.
02.10.2023
“Ақмол ауылы жалпы орта білім беретін мектебі” КММ-сі ХАБАРЛАЙДЫ 9 қазан күні сағат 8.00-ден 17.00-ге дейін мектебімізде “МЕКТЕП ПРЕЗИДЕНТІ” сайлауы өтеді. Мектеп ұжымы мен 5-11сынып оқушыларын дауыс беруге шақырамыз! ӘР АЗАМАТТЫҢ ДАУЫСЫ МАҢЫЗДЫ! ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ: -Қазақстан мүддесіне қызмет етуге ұмтылу. ТАЛАП: Дұрыс қарым-қатынас орната білу. АР-ҰЯТ: Адал еңбекті құрметтеу.
01.10.2023
ҚАРТТАР КҮНІ Мереке құтты болсын
Құттықтаймыз мейрамыңмен аталар!
Әр күлгенің бізге бақыт саналар.
Еңбегінді еш етпейтін өмірде
Елің жұртың ұл мен қызың бағалар.
Ана мейір күн көзімен пара-пар.
Тұла бойға қуат болып таралар
Өміріме шуақ шашып әрқашан К
өп жасаңдар аталар мен аналар!...
29.09.2023
«Ақмол ауылы ЖОББМ» КММ-де 29 қыркүйек күні, сағат 12.00-де өрт және төтенше жағдайлар туындаған жағдайда оку-жаттығу эвакуациясын ұйымдастыру және мектеп ғимаратында туындаған (шартты түрде) өрт ошағын ауыздықтау бойынша іс-шара өтті. Жаттығу тақырыбы: мектеп ғимаратынан балалар мен мектеп қызметкерлерін эвакуациялау және өрт ошағын сөндіру. Оку- жаттығу мақсаты: өрт және төтенше жағдайлар кезінде адамдарды мектеп ғимаратынан эвакуациялау дағдыларын жетілдіру, өрт ошағын дер кезінде сөндіру. Жаттығу екі бөлімнен тұрды. Эвакуацияның ұзақтығы 4 минутқа созылып, 570 оқушы қатысты. Қатысушылар құрамы: мектептің барлық қызметкерлері мен оқушылары, төтенше жағдай бөлімі қызметкерлері. Өрт дабылы бойынша мектеп ғимаратынан оқушыларды, оқытушыларды, техникалық персоналды дереу эвакуациялау жүргізілді. Эвакуациялау кезінде дыбыстық құлақтандыру жүйесі пайдаланылды. Мектеп оқушылары, оқытушылар, техникалық қызметкерлер негізгі және 4 қосалқы эвакуациялау жолдары арқылы мектеп ғимаратынан шығарылды. Эвакуацияға сигнал берілгеннен кейін, окушылар мұғалімнің көмегімен эвакуациялау жоспарына сәйкес эвакуациялық шығу жолдары арқылы далаға шықты. Сыртқа шыққаннан кейін барлығы мектеп стадионына жиналды, оқушылар арасында дүрбеленнің пайда болуына жол берілмеді. Осы мақсатта өрт шыққан сәттен бастап және оқушылар толық эвакуацияланғанға дейін мектеп әкімшілігі сынып жетекшілері оқушылармен үнемі бірге болды. Жаттығуға басшылықты мектеп директоры Аппасов С.Б. мырза жасады. Жаттығудың екінші бөлімінде өрт сөндіру қызметкерлері өз шеберліктерін көрсетті. Шартты түрде химия кабинетінде шыққан өртті, өрт сөндірушілер тез ауыздықтады. Олардың кәсіби шеберліктеріне окушылар куә болды. ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ: Қазақстанның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайын болу. ТАЛАП: Физикалық белсенді болу. АР-ҰЯТ: Өзін отбасының, сыныптың, мектептің, қоғамның, Отанның бір мүшесі екенін сезіну. #Біртұтас_тәрбие #oqu_agartu_ministrligi #Біртұтас_тәрбие_целиноград_ауданы #medetbekovameruert #aqmoedu #өзінөзібасқару #Ақындарайтысы #төрттоқсан_төртөнер #дебат @aqmola_daryny @aqmoedu @aqmola_metod_center