Текст
13.09.2023
Ақмол ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде 8 қыркүйекте мектеп формасына қойылатын талаптарға байланысты сынып сағаттары өтті. Сынып сағаттары мен түсіндірме жұмыстары барысында ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығы негізінде бекітілген талаптар туралы айтылды. Аталған бұйрық негізінде мектеп формасына қойылған талаптар: • Мектеп формасы күнделікті, мерекелік және спорттық болып бөлінеді. • Ұлдардың мектеп формасы: пиджак, жилет, шалбар, мерекелік жейде, күнделікті жейде, не түймелері бар немесе сыдырмалы тоқылған күрте/кардиган, поло жейде немесе тенниска (қысқы мезгілде: трикотаж жилет, водолазка). Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады. Қыздардың мектеп формасы: пиджак, жилет, юбка, шалбар, классикалық жейде, не түймелері бар немесе сыдырмалы тоқылған күрте/кардиган, поло жейде немесе тенниска (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан, водолазка). Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады. • Ұлдар мен қыздарға арналған спорттық форма спорттық костюмнен (спорттық шалбар, куртка, футболка), спорттық аяқ киімнен (крассовка, кеды) тұрады. • Мектеп формасына түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды. • Мектеп формасына орта білім беру ұйымының ерекшелік белгілерін (белгілер, тігіспелер, шеврон және т.б.) орналастыруға рұқсат етіледі. Мектеп формасына қойылатын талаптар бойынша жарақаттайтын фурнитурасы бар киім мен аксессуарлар киюге тыйым салынады. #біртұтас_тәрбие #medetbekovameruert #aqmola.oblysy.birtutas_tarbie
13.09.2023
“Дене сергіту” челленджі Ақмол жалпы орта білім беретін мектебінде 1-4, 5-9, 10-11 сынып оқушылары арасында денсаулықтың адам өмір сүруі үшін аса қажеттілігін, оны сақтай білудің адам өміріндегі маңызы, өз денсаулығын күте білуге, еңбекқорлыққа тәрбиелеу мақсатында “Дене сергіту” тақырыбында челлендж өткізілді. #физкультминутка #зож #сергітусәті #явыбираюспорт #менспорттытаңдаймын #біртұтас_тәрбие #medetbekovameruert #aqmola.oblysy.birtutas_tarbie
13.09.2023
қмол ауылының ЖОББ мектебі ХАБАРЛАЙДЫ❗️ Мектепшілік “Өзін-өзі басқару ұйымы” мектеп президентін және ұйым мүшелері бола алатын белсенді оқушыларды іздестіруде!
05.09.2023
Ақмол ауылының ЖОББМ 5-11 сынып оқушылары "Мағжан Жұмабаев-заманның заңғар тұлғасы" тақырыбында диктант жазды.
01.09.2023
1 қыркүйек «Білім күніне» арналған «Мектебім —Мейірім мекені» атты бірыңғай сынып сағаты өткізілді. #Bilim_quni
01.09.2023
1 қыркүйек «Білім күніне» арналған «Мектебім —Мейірім мекені» атты бірыңғай сынып сағаты өткізілді. #Bilim_quni
01.09.2023
Бүгін 1 қырқүйек “Білім күні” аясында, мектебімізде «Мектебім — мейірім мекені» тақырыбында алғашқы қоңырау салтанатты жиыны өткізілді.Жиынға сыйлы қонақ ретінде Целиноград ауданы білім бөлімінің бас маманы Атыгаева Н.А. қатысты. 1 сынып оқушыларына, ата-аналары жылы лебіздерін білдіріп, жаңа оқу жылымен құттықтады.#Bilim_quni
25.08.2023
“Мектепке жол” республикалық дәстүрлі қайырымдылық акциясы аясында Бастауыш ӘБ ұстаздары әлеуметтік жағдайы төмен 3 оқушыға мектеп формасы, оқу құралдары негізінде материалдық көмек көрсетті. Рахмет сіздерге! Сауаптан болсын!
25.08.2023
Балақайлар мектебі
Ақмол ЖОББМ “Балақайлар мектебі” 14 тамыз-25 тамыз аралығында жұмыс жасап жатыр.
Мақсаты: Болашақ оқушыларымызды оқу ,математика,жазу негізінде мектепке дайындау.
Эмоционалдық-еріктік дайвндығына ықпал ететін,білім беру ортасын құру.
Міндеттері:
-болашақ...
25.08.2023
Сделай добро
«Ақмол ауылының ЖОББ мектебі» КММ
Акция ұраны «Жақсылық жаса».
Акция мақсаты: Аз қамтылған және көпбалалы, толық емес отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға оқу жылының...