Текст
13.06.2023
Құрметті Ақмол ауылы тұрғындары Маусым айынан бастап “Smart digital school қосымша білім беру орталығы” оқушыларды ТЕГІН түрде білім алуға, заманауи үйірмелерге қатысуға шақырамыз. Оқу процесіндегі мақсатымыз оқушылардың ақыл-ой өрісін дамыту. ТЕГІН орын саны шектеулі. барлық сұрақ бойынша:
06.06.2023
«Ақмола облысы білім баскармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Ақмол ауылының жалпы орта білім беретін мектебі Коммуналдық мемлекеттік мекемесі» сыбайлас жемкорлыққа қарсы комплаенс-қызмет ережесін бекіту туралы
«Ақмола облысы білім баскармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Ақмол ауылының жалпы орта білім беретін мектебі Коммуналдық мемлекеттік мекемесі» сыбайлас жемкорлыққа қарсы комплаенс-қызмет ережесін бекіту туралы
02.06.2023
01.06 күні балалар күнімен тұспа тұс мектебімізде 11 сынып оқушылары үшін соңғы қоңырау соғылды. Бүгінгі салтанатты жиынның қонақтары Целиноград ауданының Ақмол ауылының әкімі : Дүйсекеев Жанат Толеуұлы Аудандық мәдениет үйінің директорының орынбасары және Целиноград аудандық «Қазақ тілі қоғамдық бірлестігі» филиалының төрағасы: Каненов Олжас Боранбайұлы Түлектер алтын ұя мектебіне ән, жырларын арнай отырып, алғыс білдірді. Мектеп қабырғасындағы соңғы сынып сағаттарын қимастықпен өткізді. Келген қонақтар жас түлектерге сәттілік тілеп, жылы лебіздерін білдірді.
02.06.2023
"Аттандық бала шақтан, болашаққа" атты бастауыш сыныппен қоштасу салтанатты сап түзеу
02.06.2023
Оқу жылының аяқталуына арналған сап түзеу 5-6 сынып оқушылары үшін
02.06.2023
31.06 күні Оқу жылының аяқталуына байланысты және 31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне "Тарихтан тағылым-өткенге тағзым" тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
02.06.2023
29 мамыр күні «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің аумағында ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасы мен ҚР ПрезидентініңАрхиві Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай құжаттар мен кітаптарды «АЛЖИР» музейінің қорына салтанатты тапсыру рәсімі өтті. «АЛЖИР» музейі директорының орынбасары Самат Ілиясұлы Тергембаев, ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасының директоры Бақытжан Берікбайұлы Темірболат және ҚР Президентінің Архиві директорының орынбасары Бейсенбай Қуанышұлы Жұмабеков кіріспе сөз айтты. Содаң соң қонақтар «АЛЖИР» музейінің «Алаш» залында ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасының және ҚР Президенті Архивінің «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне сыйға тапсырған құжаттары және кітаптарымен танысты. Іс-шара соңында «АЛЖИР» музейінің «Алаш» және «АЛЖИР» залдары бойынша экскурсия жүргізілді.
02.06.2023
#ассамблеянародаказахстана #балалықшақәлеміқандайғажап #өзіңөзібасқару
02.06.2023
Отбасылық флешмоб «Спортивная семья» #ассамблеянародаказахстана #балалықшақәлеміқандайғажап #өзіңөзібасқару
29.05.2023
29.05.2023 күні Ақмол ауылының ЖОББ мектебінде сабақтар сабақ кестесіне сай өткізілуде. Оқушылар 100% оқулықтармен білім алуда. Ата -аналар тарапынан оқушылар мектеп ережесіне сәйкес құрал -жабдықтармен қамтамасыз етілген