Текст
20.02.2024
19 ақпан 2024 жылы “Ақмол ауылының ЖОББМ” КММ-де математика пәні мұғалімдері арасында “Математикалық регата” республикалық олимпиадасының аудандық кезеңі өтті. Аудандық кезеңге барлығы 20 мектептен 23 мұғалім қатысты. Олимпиаданың барлық өту барысы ереже бойынша 90 минутқа созылды. Олимпиаданың қорытындысы төрт кезеңнен ең жоғары ұпай жинаған 29 баллмен Нұресіл ауылының жалпы білім беретін мектептің математика пәні мұғалімі-Хибадат Амандық озық шығып, облыстық сайысқа жолдама алды. Алда өтетін облыстық додада сәттілік тілейміз!
19.02.2024
“Тіл-баға жетпес мұра” атты Республикалық мәнерлеп оқу байқауында 5”З” сынып оқушысы Есенғазы Бота “Бас жүлде” Жетекшісі-Батырғали П.Б. 3 “А” сынып оқушысы Қылышбай Нұрхан 1-орын. Жетекшісі -Абжанова Б.К. 4”Ә” сынып оқушылары Маратова Жибек,Карабасова Айару 1-орын. 2-орын Жанузаков Арсен. Жетекшісі-Тастимирова Г.А. 4”Ж” сынып оқушысы Ыбырай Кенесары 1-орын. Жетекшісі-Какимжанова Н.А. 5”Е” сынып оқушылары Чмутов Егор 1-орын. Козленко Назар 1 орын. Жетекшісі-Ипова Ж.С. 8”Ә” сынып оқушысы Исланбек Айбибі 3-орын. Жетекшісі-Баймурзина А.С. Құттықтаймыз!
19.02.2024
Ақмол ауылы жалпы орта білім беретін мектебі” КММ-нің оқушылары, Қоғамдық гуманитарлық бағыт, халықаралық академиядан ғылыми жобаға қатысып жүлделі орындарға ие болды:
19.02.2024
Софиевка ауылында Қысқы Президенттік көпсайыс жарысы өтті. Жарысқа жалпы 19 команда қатысты. “Ақмол ауылы жалпы орта білім беретін мектебі” КММ-нің оқушылары жалпы командалық есеп бойынша 2 орын иеленді, соның ішінде Куминов Никита Облыстық қысқы көпсайыс жарысына жолдама алды✅ Жаттықтырушысы: Кучеров Темур Гаппарович ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
19.02.2024
Аудандық кітапханада Ауғанстаннан әскерлердің шығарылғанына 35 жыл толуына орай тарихи сағат өтті. Мақсаты: өскелең ұрпақты азаматтық пен патриоттыққа тәрбиелеу, белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру, ұмытылмас дәстүрлерді сақтау. «Ақмол ауылы ЖОББМ” КММ-нің оқушылары арадагерлерге арнап өлең шумақтарын арнады. Жандарбек Айзере Тулеуова Жаннұр Моличева Эвелина Гайнутдинов Юрий Тастамбекова Нүргүл Жетекшісі: Туленбекова Ш.Қ
19.02.2024
“Ақмол ауылы ЖОББМ” КММ-де Бастауыш әдістемесі бірлестігі онкүндігінің ашылуы өтті.✅ Тақырыбы: Бастауыш білім беруде құндылыққа бағытталған білімнің маңыздылығы. Мақсаты: Бастауыш буын білім алушыларының оқу-тәрбие үдерісінде ұлттық құндылықтарды жүзеге асырудың бағдарын қалыптастыру.
19.02.2024
Кеңес әскерлерінің Ауғаныстан Демократиялық Республикасының шығарылғанына 35 жыл толуына орай “Ақмол ауылы жалпы орта білім беретін мектебі” КММ-де “Армия балалар көзімен” тақырыбында сурет, фотосурет көрмесі, қолдан жасалған бұйымдардан қолөнер көрмесі ұйымдастырылды.✅
19.02.2024
Ақмол ауылы ЖОББ мектебінің ұстаздары “Алтын әтеш” балабақшасының тәрбиеленушілеріне барып, 1 сыныпқа келетін балаларға түсініктеме беру жайлы және мектепке қажет құжаттар туралы ақпарат айтты
19.02.2024
Кеңес әскерлерінің Ауғаныстан Демократиялық Республикасының шығарылғанына 35 жыл толуына орай “Ақмол ауылы жалпы орта білім беретін мектебі” КММ-де мектепішілік «Алау» әскери – патриоттық сайысы өткізілді✅ Мақсаты: Ауған соғысы, оған қатысқан ардагерлерді еске алу; Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу; Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету; «Ауған, сөнген шоқ, өшкен арман , тек сенен есте қалған...» атты сайысқа 7-8 сынып оқушылары қатысты. Сайыстың ашылу салтанатына Ауған соғысының ардагерлері Аппасов Зейнулла Кабылдинович, Дюсекеев Жанат Толеуович , 44813 әскери бөлімінің сержанты Ахетов Маратбек Таттибекович , 3-ші сыныпты сержант Рахымжанов Олжас Каримжанұлы, 2-ші сыныпты сержант Танатбаев Сырлыбек Мырзагалиевич сонымен қоса, Дистергефт Владимир Гельмутович, Савчуков Николай Григорьевич, Ташкеев Талғат Сансызбаевич, Ирешева Махаббат Сансызбаевна қатысып оқушыларға өздерінің жылы лебіздерін білдірді. Ауған соғысының ардагері Зейнулла Кабылдинович тарихи күннің маңыздылығына тоқталып, жауынгерлердің ерлігі мен жүріп өткен жолына, қайсар рухына тағзым ету әрбір жанның парызы екенін атап өтті. Жарысқа барлығы 13 команда қатысты. Оқушылар алдымен саптық дайындық бойынша және уақытқа АК-74 автоматын бөлшектеп қайта жинастырса, араларындағы білектілері белтемірге тартылудан күш сынасты, мергендіктерін шыңдап, газтұмылдырық кию бойынша жарысты. Сайыс барысында оқушылар қорғаныш құралдарын дұрыс пайдалану, алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша да сынға түсті. Соңынан командалар арасында арқан тартысып, өзара мықтыларды анықтады. Армия балалар көзімен тақырыбында сурет, фотосурет көрмесі, қолдан жасалған бұйымдардан қолөнер көрмесі ұйымдастырылды. Сайыс соңында жеңімпаздар грамоталармен марапатталды.
09.02.2024
Балалармен жасөспірімдерге арналған жаднама