«АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені, “Ақмол ауылы ЖОББМ” КММ-нің 8 “А”сынып оқушыларымен бірлесіп, Наурыз мейрамына арналған, «Наурыз – жыл басы!» атты іс-шара өткізді. Мақсаты: Жас ұрпақтың патриоттық сезімін қалыптастыру, оларды Отанға деген сүйіспеншілікке және қазақ халқының салт-дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу.