АҚМОЛ АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІ
ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА СЕЛА АКМОЛ

Біз әлеуметтік желідеміз

Мектеп директорының блогы

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

Жалпыадамзаттық құндылықтар - бақытты өмір негізі

23.11.2020

⚜️23 қараша күні Ақмол орта мектебінде 1-11 сынып аралығында " Жалпыадамзаттық құндылықтар - бақытты өмір негізі" тақырыбында сынып сағаттар өткізілді.
     ⚜️Тұлға мәдениетінің негізі оның жалпыадамзаттық құндылықтарының негізінде көрінеді. «Құндылық» термині болмыстың белгілі құбылыстарының адами, әлеуметтік және мәдени мән-мағынасын білдіру үшін қолданылады. Адам өмірінің өзегі-құндылықтар, ал басқа мақсаттар оған жеткізетін баспалдақтар ғана. Осы қағидаға сүйенсек, қоғамның жаңару кезіндегі жаңаша көзқарастардың бірі - құндылық бағдар.
    ⚜️Қазіргі заманда ғылым мен білім, ақпараттық технология, техника қаншалықты қарыштап дамыған сайын, адамның бойындағы рухани-адамгершілік қасиеттерінің соншалықты төмендеп бара жатқанын күнделікті өмірде көріп отырмыз. Атап айтар болсақ: тастанды бала, қарттар үйі, қатыгездік, табиғатты ластау, ағашты кесу, алдап соғу, жемқорлық, өлтіріп кету, өз- өзіне қол салу, т. б. толып жатыр. Адамзаттың ең асылы –«адам» деп қарайтын болсақ, онда адамның азғындауына не себеп? Әлде заман кінәлі ме?-деген сұрақтар туындайды. Көпшілігі «заманына қарай адамы » деген принциппен өмір суруде. Ал, заманды құрайтын адам емес пе? Міне, сонда барлығы қайтадан адамға келіп тіреледі. Сондықтан күллі әлемді сақтап қалатын бірден- бір жол  рухани адамгершілік білім екені даусыз. Ал, адамның жүрегіне нұр құятын, риясыз сүйіспеншілікпен рухани бастауға жетелейтін, ол – ҰСТАЗ!!! 
  БҮГІНГІ ҚҰНДЫЛЫҚҚА БАҒЫТТАЛҒАН СЫНЫП САҒАТЫН ӨТКІЗГЕН СЫНЫПТАРҒА АЛҒЫС БІЛДІРЕМІН⚜️⚜️⚜️

Просмотров: 635


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст