“Ақмол ауылы ЖОББМ” КММ-нің білім алушылары Наурыз мерекесіне орай, «КҮЙ КҮМБІРІ» атты республикалық добырашылар челленджінде Құрманғазының “Балбырауын” күйін орындады. Домбыра – қазақ халқының ежелден жеткен музыкалық аспабының бірі. Оның ұлт өмірінде алар орны бөлек. Мақсаты: қазақ күйлерін өскелең ұрпақтарға насихаттап,білім алушылардың рухани-адамгершілік мәдениетін оятып,елдің мәдени мұрасын сақтап,ұлттық аспап домбырада орындау өнерін насихаттау.