Жас мамандарға арналған кезекті отырыста педагог -зерттеуші Рахметов Б.М. "Жаратылыстану пәндерін STEAM технологиясы арқылы оқыту" тақырыбында өлшеу параметрлерін өзгерту мүмкіндіктері арқылы оқушыларды шығармашылыққа жетелейтін технология мүмкіндіктерін ашып айтып, көрнекі көрсету арқылы өз тәжірибесімен бөлісті. Мектеп психологтары Миллер Е.В,Хавдраш Ж мұғалімнің кәсіби дамуының әрбір кезеңінде топтық жұмыс жасауға қолайлы жағдай жасау, топтағы белсенділікті арттыру, жұмысқа деген көңіл-күйді орнату мақсатында"Мен- заманауи ұстазбын" психологиялық тренинг сабағын ұйымдастырды.