АҚМОЛ АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІ
ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА СЕЛА АКМОЛ

Біз әлеуметтік желідеміз

Мектеп директорының блогы

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

"Ақмол ауылы жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-не жоғары сынып оқушыларымен «Жемқорлық мінез-құлықтың мәдени-тарихи факторлары» тақырыбында ақпараттық- түсіндірме жұмысы өткізуге Целиноград ауданының Ішкі саясат бөлімінің бас маманы Д. Бауыржанқызы келді. Мақсаты - өскелең ұрпақтың бойына адалдық пен инабаттылық принциптерін сіңіре отырып, жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастыру.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – баршамызға ортақ іс екені бәрімізге мәлім. Сондықтан да, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға мектеп жасындағы кезден бастап көңіл бөлу керектігі жайлы дәрісте тоқталып өтті. Балаларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды насихаттау және қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы дағдыларды қалыптастыру, адалдық пен парасаттылыққа, сыбайлас жемқорлық сияқты жағымсыз әлеуметтік құбылысқа тұрақты қарсылыққа тәрбиелеу екендігін жеткізіп, ауданда осындай ақпараттық түсіндіру жұмысы атқарылып келе жатқандығы айтылды. Жалпы балаларды әртүрлі жағдайларда «жақсылық» пен «жамандықты» анықтауға, жақсы және жаман әрекеттерді анықтауға үйрету; өз іс-әрекеттері мен құрдастарының әрекеттерін бағалау қабілетін қалыптастыру жөн. Дәріс соңында оқушылар өз ой-пікірлерін ортаға салып сұрақтарын қойды.

07.11.2023
Просмотров: 1045


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст