АҚМОЛ АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІ
ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА СЕЛА АКМОЛ

Біз әлеуметтік желідеміз

Мектеп директорының блогы

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

2023жылғы 5 қазан күні “Ақмол ауылы жалпы орта білім беретін мектебі” КММ-де дублер күні аталып өтті. Осы жауапты іс-шараға балалар көп дайындалды, олар мұғалімдердің басшылығымен сабақ кестесін құрып, әр сабақтың жоспарын жазды. Мектепте ерекше атмосфера орнады, қыздар сәнді киініп, ұлдар костюмде галстук тағып осы күнді қызықты да, мазмұнды етіп көрсетуге тырысты. Мектеп дәлізінде мұғалімдерді күтіп алудан және құттықтаудан басталды. Осы күні мектептегі тәртіп биік деңгейде болды. Дублер күні бұл оқушылар нағыз мұғалімдер бола алатын күн, сабақтарды жүргізудің маңызды екендігін сезіне алады. Осы күні мектеп директоры Тойшыбек Ерасыл (10 “А” сынып) және директорының орынбасарлары Болатова Махаббат (10 “А” сынып), Байрақ Гүлжамал (9 “Г” сынып) болды. Күн қорытындысы қиын емес, қызықты екен деген ортақ ойға келді. Жалпы бойынша дублер болған оқушылар жиналыс өткізіп, әр қайсысы өз пікірлерімен бөлісті.

05.10.2023
Просмотров: 632


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст