2023 жылғы 05 қазан күні “Ақмол ауылы жалпы орта білім беретін мектебі” КММ-де Мұғалімдер күніне арналған мерекелік шара өтті. Мерекелік шараға ұлағатты ұстаздарымыз қатысты. Мектебіміздің директоры Сагындык Бесимбаевич ұлағатты ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтап, жаңа оқу жылында сәттілік тіледі. Кәсіби мереке қарсаңында білім және ғылым саласына өздерінің елеулі үлестерін қосып, жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып, әрі өнегелі тәлім-тәрбие беріп жүрген ұлағатты ұстаздарға «Айрықша еңбегі үшін» алғыс хаттар мен грамоталар табысталды. Кәсіподақ төрайымы атынан мұғалімдер алғыс хаттармен марапатталды. Іс-шараны жоғары деңгейде өтуіне үлес қосқан кәсіподақ ұжымына алғысымыз шексіз. Меркелік шараны ұйымдастырған –Кәсіподақ төрайымы Жанар Амантаевна, ДТІЖО Гульсара Амангельдиновна, Жанна Канапияновна, Шынар Қабақбайқызы; аға тәлімгер Аяулым Оңдасынқызы.