АҚМОЛ АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІ
ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА СЕЛА АКМОЛ

Біз әлеуметтік желідеміз

Мектеп директорының блогы

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

Ақмол ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде 8 қыркүйекте мектеп формасына қойылатын талаптарға байланысты сынып сағаттары өтті. Сынып сағаттары мен түсіндірме жұмыстары барысында ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығы негізінде бекітілген талаптар туралы айтылды. Аталған бұйрық негізінде мектеп формасына қойылған талаптар: • Мектеп формасы күнделікті, мерекелік және спорттық болып бөлінеді. • Ұлдардың мектеп формасы: пиджак, жилет, шалбар, мерекелік жейде, күнделікті жейде, не түймелері бар немесе сыдырмалы тоқылған күрте/кардиган, поло жейде немесе тенниска (қысқы мезгілде: трикотаж жилет, водолазка). Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады. Қыздардың мектеп формасы: пиджак, жилет, юбка, шалбар, классикалық жейде, не түймелері бар немесе сыдырмалы тоқылған күрте/кардиган, поло жейде немесе тенниска (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан, водолазка). Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады. • Ұлдар мен қыздарға арналған спорттық форма спорттық костюмнен (спорттық шалбар, куртка, футболка), спорттық аяқ киімнен (крассовка, кеды) тұрады. • Мектеп формасына түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды. • Мектеп формасына орта білім беру ұйымының ерекшелік белгілерін (белгілер, тігіспелер, шеврон және т.б.) орналастыруға рұқсат етіледі. Мектеп формасына қойылатын талаптар бойынша жарақаттайтын фурнитурасы бар киім мен аксессуарлар киюге тыйым салынады. #біртұтас_тәрбие #medetbekovameruert #aqmola.oblysy.birtutas_tarbie

13.09.2023
Просмотров: 665


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст