АҚМОЛ АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІ
ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА СЕЛА АКМОЛ

Біз әлеуметтік желідеміз

Мектеп директорының блогы

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

Ақмол орта мектебі қазақ сыныбың ашылғанына- 30 жыл толуына байланысты аудан орталығында мәдени кеш өткізілді.

12.02.2020

Қазақтың Ұлы ақыны Мағжан Жұмабаев айтқан еді: "Алты алаштың баласы бас қосса төр- мұғалімдікі". Соның айғағы шығар,, 2003 жылдың түлектері (Ақмол мектебі) қазақ сыныбың ашылғанына- 30 жыл толуына байланысты аудан орталығында мәдени кеш өткізді. 2003 жылғы түлектер: Арман Хамидоллаұлы, Айтуар Тоқтарұлы, Абылайхан Мейірманов қадірлі ұстаздарына құрмет мерекесін жасап, салтанатты мәдени шара өткізді., 30 жыл бұрын Ақмол мектебін басқарған В. В. Кунникова (И. И. Шарфтың жұбайы) бұл ізгілікті іске жол ашқан кісі болды. Ұлттық сыныптарға ұстаздық еткендер: Орынгүл Қабдолқызы, Сәуле Сағындыққызы, Несібелді Хамзеқызы, Роза Шәріпқызы, Ұрқия Насырқызы және Бағила Абзалқызы болды. Мерекелік кеште мектеп директоры Алла Айдарбекқызы, тарих пәнінің ұстазы Серік Аллажарұлы, Қазақстанның Құрметті ұстазы" Еңбек ардагері" меделінің иегері Оспан Сүлейменұлы көпшілікке құттықтау сөздерін арнады. Биылғы жыл Ұстаздар айдарымен басталды. Сондықтан, бұл мерекені аудан көлемінде атап өту орынды болар. "Абай жолы" эпопеясының авторы кемеңгер қазақ жазушысы Мұхтар Әуезовтың "Ұстаз- ұлы есім" деген сөзі көпшілікке ой салуға тиісті. Сөздің түйінін түсінген шешер.

Просмотров: 728


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст