АҚМОЛ АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІ
ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА СЕЛА АКМОЛ

Біз әлеуметтік желідеміз

Мектеп директорының блогы

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

29 мамыр күні «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің аумағында ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасы мен ҚР ПрезидентініңАрхиві Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай құжаттар мен кітаптарды «АЛЖИР» музейінің қорына салтанатты тапсыру рәсімі өтті. ​ «АЛЖИР» музейі директорының орынбасары Самат Ілиясұлы Тергембаев, ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасының директоры Бақытжан Берікбайұлы Темірболат және ҚР Президентінің Архиві директорының орынбасары Бейсенбай Қуанышұлы Жұмабеков кіріспе сөз айтты. Содаң соң қонақтар «АЛЖИР» музейінің «Алаш» залында ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасының және ҚР Президенті Архивінің «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне сыйға тапсырған құжаттары және кітаптарымен танысты. Іс-шара соңында «АЛЖИР» музейінің «Алаш» және «АЛЖИР» залдары бойынша экскурсия жүргізілді.

02.06.2023
Просмотров: 501


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст