АҚМОЛ АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІ
ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА СЕЛА АКМОЛ

Біз әлеуметтік желідеміз

Мектеп директорының блогы

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

Құрметті ата – аналар!!! 2023-2024 оқу жылына материалдық*қаржылық көмекке өтініштер маусым айының 01-нен бастап 30-на дейін қабылдануда. Әлеуметтік осал тобына жататын, көмекке мұқтаж балалар отбасында тәрбиеленіп жатқан. Келесі санаттар жатады ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысына сәйкес: 1. АӘК алатын отбасылардан шыққан балалар (атаулы әлеуметтік көмек алушылар); 2. АӘК алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға (бұл санатқа жатады Аз қамтылғандар; Толық емес отбасылар (жан басына шаққандағы орташа табыс ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен 40 567 тенгеден аспауы керек); 3. Жетім балаларға, ОБПР, Патронатта тәрбиеленіп жатқан білім алушыларға; 4. Төтенше жағдайлар салдарынан шұғыл көмек талап ететін отбасылардан шыққан балалар үшін 5. Өзгелері (алқалы органның шешімі бойынша; АКТ материалдық жағдайын толтырады, хаттама шешімін шығырады) 1. Жоғарыдағы топқа жататын отбасылар өтініш береді, нысан-үлгі бойынша 2-қосымшада көрсетілген 2. Өтініш берушінің жеке төлқұжаты, неке куәлігі немесе бұзу туралы куәліктің (көшірмелері) 3. Баланың туу туралы куәлігінің (көшірмелері) 4. АӘК (атаулы әлеуметтік көмек) анықтамасы; қамқоршы бұйрығы; 5. Табыстары туралы анықтамалары (жұмыс орнынан басшының қолы, мөр және шығыс, соңғы 6 ай ) және де мүгедектігі бойынша көп балалы жәрдемақылар (соңғы 6 айда): алимент (соңғы 6 айда); асыраушысынан айрылу бойынша жәрдемақы (соңғы 6 айда) (анықтамада egov.kz көрсетіледі); 1 жылға дейінгі жәрдемақы (соңғы 6 айда) (анықтамада egov.kz көрсетіледі) ЦОН - нан алады. 6. Киім, аяқ киім, мектеп-жазу құралдарын сатып алу кезінде қаражаттың мақсатты жұмсалғанын растайтын құжаттарды, оларды сатып алған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде ұсынады (түбіртек, квитанция-чек, фото сурет). Ескертпе: Жалған ақпарат пен дәйексіз жасанды құжаттар бергені үшін жауапкершілікке тартылады. Қосымша: Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылар: 40 567 теңге (2022 жылғы 1 желтоқсандағы №163-VII "республикалық бюджет туралы" ҚР Заңына сәйкес).

29.05.2023
Просмотров: 553


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст