12 сәуір «Ғарышкерлер» күніне орай мектебімізде 3-сынып оқушыларының арасында «Ғажайып ғарыш әлеміне саяхат» атты интеллектуалды ойын өткізілді. Аспан, аспан арайлым Саған жиі қараймын Сені көзбен шоламын Мен ғарышкер боламын, -деп әр баланың арманы ғарыш әлемін көру. Ойын барысын оқушылар ұяшықтар таңдап, берілген сұрақтарға жауап беріп, ребустарды шешіп, пазлдарды құрастыра отырып білімдерін шыңдап, көп ақпарат алды.