АҚМОЛ АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІ
ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА СЕЛА АКМОЛ

Біз әлеуметтік желідеміз

Мектеп директорының блогы

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

14.01.2017

8 қаңтар  күні  Алматы  қаласында  Жазушылар  одағы  ғимаратының  әсем сахнасында Бота Бейсенованың «Менің жүйрік тұлпарым» атты республикалық балалар ән байқауы өтті. Байқаудың негізгі шарты – балаларға арналған  әндер  авторы,  сазгер Бота  Бейсенованың  бір әнін жанды дауыста орындау.

Республикамыздың  түкпір-түкпірінен  келген жас өнерпаздар өз өнерлерін  көрсетті.  Әділ-қазылар алқасының  құрамындағы  кәсіби әншілер,  радио  жүргізуші және байқаудың төрайымы Бота Бейсенованың өзі  әр баланың  өнерін  тамашалап,  әділ  бағасын  берді.

Осы  байқауға  қатысқан біздің  мектебіміздің оқушылары да құрқол келген жоқ.  9 жасқа  дейінгі  балалар  арасында   «Балдәурен»   вокалды топ  I орынға ие болса,  15 жасқа дейінгі  қатысушылар  арасында   мектебіміздің вокалды  квартеті  ІІ орынға ие болды.

«Менің жүйрік тұлпарым» республикалық  ән байқауында Лауреат атағына  ие  болған

"Балдәурен" вокалдық тобының мүшелері, 3  сынып  оқушылары:

Аманжолова Лаура  

Төлеутай  Мирас  

Шыңғыс  Олжас

Мирамбек  Гүлсезім  

Сержан  Әділжан  

Өмірхан  Дина  

Айсина Дильназ 

Кайруллова Аяжан  

Ергельдинова Зейнеп

Қабдулсоғат Олжас

Бауржан Амина

Хайрушева Баяна

Вокалдық квартет мүшелері, 7, 9 сынып  оқушылары:

Жақсылық  Дана  

Амирова  Аружан  

Тулеуова  Айжан  

Асқарбекқызы  Дана  

"Менің жүйрік тұлпарларым" байқауының жеңімпаздарын мектебіміздің директоры Тойлыбек Атамұратұлы құттықтап, жылы лебізін білдірді.

  Жеңімпаздарымызға  шығармашылық  табыстар  тілейміз!

Просмотров: 966


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст