Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы білім бөлімі Ақмол ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Акмол отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желідеміз

Мектеп директорының блогы

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектеп жанындағы «Ақ желкен» жазғы сауықтыру лагерінің ашылу салтанаты өтті.

03.06.2019

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында мектепшілік «Ақ желкен» жазғы сауықтыру лагерінің ашылу салтанаты ұйымдастырылды. Лагердің мақсаты: балаларды лагердің басталуымен құттықтау, өткізілетін іс-шаралар мен лагерь ережелерін таныстырып жақсы демалуларына жағдай жасалатынын жеткізу.  Балалар «Рухани жаңғыру» саябағында  Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған  концерттік бағдарламасын тамашалап,  асфальт үстінде  сурет салу байқауына қатысты. Сонымен қатар  түрлі эстафеталық ойындар ойнады. Мереке соңында балаларға тәттілер таратылды. Жалпы лагерге «Толқындар» және «Дельфиндер» атты екі тілді топқа 1 күні 70  бала қабылданды. Тәрбиешілер балалармен толық танысып, топтың атын, ұранын, әнін  жаттатты. Мектепшілік «Ақ желкен» жазғы сауықтыру лагерінде мектепалды даярлық тобы мен 4 сынып оқушылары аралығын қамтыды. Жалпы саны 70 оқушы соның ішінде 22  оқушы (ЕТКД) бойынша 2 уақыт тегін тамақтанса, 48 оқушы ата-ана тарапынан ақылы тамақтанады. Мектепшілік «Ақ желкен» жазғы сауықтыру лагері  келесі бағыт бойынша жұмыс істейді. Олар: «Музыкалық», «Қолөнер», «Спорт»,  «Жасыл ел», «Үш тілдік оқыту». Бекітілген жұмыс жоспарына сай күнделікті жұмыс атқарылады. Оқушылар «Қауіпсіз жаз» ережесімен таныстырылып, ауыл медбикесінің тексерісінен өтті.

   

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 625


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст