АҚМОЛ АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІ
ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА СЕЛА АКМОЛ

Біз әлеуметтік желідеміз

Мектеп директорының блогы

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

Сыңғырла соңғы қоңырау

25.05.2019

  Бүгін 25 мамыр соңғы қоңырауды мерекелеу шеңберінде ағымдағы жылдың 25 мамыр күні Целиноград ауданының №5 Ақмол мектеп оқушыларының қатысуымен «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» атты салтанатты жиын өтті. 

  Салатантты жиынға Целиноград ауданының әкімінің орынбасары А.К.Айткужинова, Аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Т.Н.Цапаева, Ақмол округінің әкімі Ж.Т.Дюйсекеев барлық бітіруші түлектерге алдағы уақытта емтиханнан, Ұлттық Бірыңғай тестілеуден абыроймен өтіп, Қазақстанымыздың білікті маманы аталуына шын жүректен тілек білдірді. Халықаралық және республикалық байқаулардан, пән олимпиадасы бойынша аудан көлеміндегі жетістіктерге жеткен оқушыларды мақтау қағазы, алғыс хатпен құттықтап бітіруші түлектерге сәттілік тіледі. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының елбасы Н.Ә.Назарбаевтың  биылғы жылды «Жастар жылы» екенін атап өтті, Мемлекет тарапынан өскелең ұрпақты қолдауға бағытталған маңызды қадам. Тәуелсіздік рухымен өсіп келе жатқан бүгінгі жас буын – біздің ертеңгі үмітіміз, сенімді тірегіміз. Биылғы жыл сіздердің жылдарыңыз және өз мүмкіндіктеріңізді жіберіп алмауды ұсынды. 

                      

 

 

Просмотров: 877


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст