Целиноград ауданының "Рухани жаңғыру" саябағында Қазақстан халқы 1-мамыр бірлік-ынтымақ күніне арналған мерекелік іс-шарасы өткізілді. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерекше. Біздің мектеп ұжымы мерекеге орыс ұлтының киімі мен діни мейрамы пасханы алып шықты. Сонымен қатар оқушылар 1 - мамыр бірлік-ынтымақ мерекесі жайында мольбертта және асфальтта сурет салудан сайыс ұйымдастырылды. Сайыс өте қызықты,тартысты өтілді. Мереке соңында марапаттаулар мен сыйлықтар берілді.