Бүгін 27 сәуір күні қоршаған ортаны қорғау, айналаны таза ұстау мақсатында ауданымызда жалпы аудандық сенбілік өткізілді. Сенбілікке мектебіміздің ұжымы ұйымшылдықпен атсалысып, белсенді жұмыс жасады. Мектеп территориясы қоқыс-қалдықтардан тазартылып, жиналған қоқыстар арнайы орынға төгілді.