25 сәуір күні дәстүрлі болып кеткен, аудандық «Жол қозғалысының жас инспекторы слеті өтті. Бұл сайысқа Целиноград ауданынан 12 команда жиналды. Конкурс Целиноград ауданы, Ақмол ауылы, №5 Ақмол орта мектебінде өткізілді.
Конкурс мақсаты – оқушыларды жол жүру ережесін сақтауға және жол апаттарының алдын алуға дағдылау болып табылады. Слетте саптық байқау, ЖҚЕ білгірлері, үгіт бригадаларының сайысы, жас санитар, қауіпсіз дөңгелек, (велосипедті мәнерлеп жүргізу), жас білгірлер, жас реттеуші, ашық үзіліс сайыстары өткізілді. Сап түзеуді өткізу барысында жас инспекторлар өздерінің дайындығымен тәртіп сақшыларын қуантты: ЖҚЖИ командалары салтанатты формамен сап түзеулерін тіптен ересектер сияқты көрсетті, яғни сап түзеп қана қоймай салтанатты маршпен жүре алды. Ал велосипедті мәнерлеп жүргізуден балалар қауіпсіздік ережесінің барлығын сақтай алды. Жас инспекторлардың жасы Ережеге сай 14 жас аралығында болды. Ең көрнектісі, үгіт бригада байқауы болды. 7 минуттың ішінде жас инспекторлар ән,видеоролик, би, өздері шығарған өлеңдердің көмегімен залда отырған әрбір азаматқа жол қозғалысы ережелерін білуі қажеттігін түсіндіруге тырысты.
Жоғары деңгейде өткен бәсекелестіктің нәтижесінде және әділқазылар шешімінің негізінде: №5Ақмол орта мектебінің, Ақмол жол сақшылар командасы I- орынды иеленіп финалға жолдама алды. Іс-шара соңында әр команда алғыс хаттармен марапатталды.