Текст
05.10.2026
1 «А» сыныбында Халықаралық қарттар күніне орай арнайы тәрбие сағаты өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар үлкенге құрмет көрсетудің мәнін ұғынып, ата-әжелеріне арнап өз қолдарымен мерекелік ашық хаттар дайындады. Оқушылар жасаған шағын сыйлықтары арқылы аға буынға деген ыстық ықыластары мен алғыстарын білдірді.
Бұл шараның басты мақсаты — өсіп келе жатқан жас ұрпақтың бойында мейірімділік, бауырмалдық және үлкендерді сыйлау сияқты адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру.
Барша аға буын өкілдерін мерекемен құттықтай отырып, оларға мықты денсаулық, уайымсыз ғұмыр және отбасы амандығын тілейміз.💐💗