АҚМОЛ АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІ
ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА СЕЛА АКМОЛ

Біз әлеуметтік желідеміз

Мектеп директорының блогы

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

Бос жұмыс орындары туралы хабарландыру

05.08.2026

        «Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Ақмол ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ педагогикалық қызметкерлердің бос лауазымдарына орналасу үшін конкурс жариялайды.

 

Қажет мамандар:

 

  1. Көркем еңбек пәні мұғалімі (қазақ тілінде және орыс тілінде оқытылатын сыныптардағы ұлдар тобына
  2. Көркем еңбек пәні мұғалімі 9 сағат (қазақ тілінде оқытылатын сыныптардағы қыздар тобына)
  3. Математика пәні мұғалімі (орыс тілінде оқытылатын сыныптарда)
  4. Математика пәні мұғалімі (орыс тілінде оқытылатын сыныптарда)
  5. Бастауыш сынып мұғалімі (қазақ тілінде оқытылатын сыныптарда)
  6. Бастауыш сынып мұғалімі (қазақ тілінде оқытылатын сыныптарда декреттік демалыс кезеңінде)
  7. Мектеп алды даярлық сыныбы мұғалімі (қазақ тілінде оқытылатын сыныптарда декреттік демалыс кезеңінде)
  8. Педагог-ассистент (орыс тілінде оқытылатын сыныптарда )
  9. Педагог-ассистент (орыс тілінде оқытылатын сыныптарда )
  10. Логопед
  11. Дене шынықтыру пәні мұғалімі (қазақ тілінде оқытылатын сыныптарда)

 

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

 

- Педагогикалық қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарына қойылатын Бірыңғай біліктілік сипаттамаларына сәйкестігі;

 

  • - Жоғары педагогикалық білімі немесе техникалық және кәсіптік педагогикалық білімі болуы;

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:

 

- Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

 

- Жеке куәлік;

 

- Жеке іс парағы (жеке кадр есебі парағы);

 

- Дипломның және қосымшасының көшірмесі (егер түпнұсқа болмаған жағдайда нотариуспен расталған көшірме болуы қажет);

 

- Еңбек кітапшасының немесе еңбек өтілін растайтын өзге құжаттың көшірмесі (еңбек өтілі бар болса);

 

- № ҚР ДСМ-175/2020 нысаны бойынша медициналық анықтама;

 

- Психоневрологиялық диспансерден анықтама;

 

- Наркологиялық диспансерден анықтама;

 

- Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе біліктілік санаты берілгені туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);

 

- Жұмыс немесе оқу орнынан ұсыныс хат;

 

- Үміткердің кәсіби жетістіктерін растайтын өзге де құжаттар (үміткердің қалауымен).

 

📥 Құжаттарды қабылдау тәртібі:

 

Құжаттар онлайн түрде келесі портал арқылы қабылданады:

👉 https://hr.nobd.edu.kz/#/social/vacancies

(Порталда тіркеліп, «Вакансиялар» бөлімінде конкурсқа қатысуға өтінім беру қажет.)

 

📅 Құжаттарды қабылдау мерзімі:

 

2026 жылғы 05-14 тамыз аралығында.

 

🕘 Құжаттарды қабылдау уақыты: сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін.

 

📢 Конкурс нәтижелері туралы ақпарат мектептің ресми сайтында жарияланады:

🌐 akmol-shkola.edu.kz

 — 2026 жылғы 31 тамыз

 

Байланыс ақпараты:

 

📞 Телефон: 8 (71651) 30-314; 8 (771) 582 71 31

📧 E-mail: kguooshakmol@bk.ru

Просмотров: 72


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст