Текст
22.02.2023
Даярлық тобы тәрбиешілері мен ең кішкентай бүлдіршіндеріміз “Жүректен жүрекке” деген қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырды . Әрқашан қайырымды жандар қолдарынан келгенше ,мұқтаж адамдарға көмек беріп отырған. Қайырымдылық жасасаң,қайырын көрерсің деп бекер айтпаған. Ұйымдастырушы:Боранбекова Р.М Алтынбекова Г.Ж Сулейменова Ж.А
22.02.2023
Дарынды балалармен кездесу . Тақырыбы: «Жетістікке жету өз қолыңда » Мақсаты: Оқушылардың өзін-өзі анықтай алуға мүмкіндік бере отырып,алдына қойған мақсатына психология жағынан көмек беру,жас жеткіншектердің болашақ тұлғалық дамуына жол ашып ,қолдау білдіру. Өткізген : педагог-сарапшы Еламанова С.Б.
22.02.2023
ЖОД.Дөңгелек үстел. Тақырыбы: «Жылдам оқуға дайындық » Мақсаты:Жылдам оқу техникасы әділ-тәсілдерін қолдану арқылы білім алушылардың оқу жылдамдығын арттыру. Өткізген : Абдыкадырова Д.З. педагог-сарапшы Калабаева Ұ.А
22.02.2023
Аудан көлемінде коучинг ұйымдастырылды. Тақырыбы: «Топпен жұмыстың тиімділігі мен оқушының даму деңгейіне ықпалы » Мақсаты:Бүгінгі заман талабына сай ,жаңа ағымға қабілетті,өзім шешім қабылдай алатын,өздігінен білім алуға ынталы тұлғаны қалыптастыру,топтық жұмыстың тиімділігі мен оның оқушылардың даму деңгейіне ықпал ету. Өткізген :педагог-зерттеуші Какимжанова Н.А.
22.02.2023
Кіріктірілген сабақ . Тақырыбы:«Болымды және болымсыз етістік» Мақсаты:Сөйлемнен сөз таптарын табу,болымды және болымсыз етістіктердің айырмашылықтарын анықтау. Өткізгендер: бастауыш сынып мұғалімі педагог-модератор Аубакирова С.Б., орыс тілі мұғалімі Абжанова Б.К., ағылшын тілі мұғалімі Шошанова Т.Е 3 «Г»сынып
22.02.2023
«1 санымен байланысты көбейту мен бөлудің қасиеттері» тақырыбында сабақ өтті. Мақсаты: 1санымен байланысты көбейту мен бөлудің қасиеттерін түсінеді,есептеулерде түсінеді. Өткізген :Ермұрат К. 2 «З» сынып
22.02.2023
«Уақытты анықтайтын құралдар» тақырыбында аудан көлемінде ашық сабақ өткізілді. Мақсаты: Уақытты анықтайтын құралдармен танысады. Өткізген: педагог-сарапшы Оралова Г.Қ. 1 «Ә» сынып
21.02.2023
Психолог Хабдраш Ж өткізді Тест «Қызығушылық картасы» Мақсаты: Ең басты қызығушылығыңды анықтау. Бұл сұрақтар қызметтің әртүрлі бағыттарына байланысты.
21.02.2023
Бүгін онкүндігіміздің 2 күні. 1 сынып оқушылары “Бояулар сыры” атты тақырыпта еркін суреттер көрмесін жасады.
Бүгін онкүндігіміздің 2 күні. 1 сынып оқушылары “Бояулар сыры” атты тақырыпта еркін суреттер көрмесін жасады.
Мақсаты:
Оқушыларды сауатты сурет салуға үйрету.
Сурет салудың заңдылықтарына баулу.
Әсемдікті,әдемілікті көре білуге үйрету.
21.02.2023
Бастауыш Әдістеме бірлестігінің 20.02.2023 - 03.03.2023 аралығында өтетін онкүндігінің ашылуы. Мақсаты: Білім сапасын арттырудың қазіргі педагогикалық технологияларын білім беру үрдісіне енгізіп,жетілдіру. Оқушылардың функционалды сауаттылығын арттыру. Сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.