Текст
27.02.2023
Учаскелік инспектор Булегенов А.Б. 9-11 сынып оқушыларымен "Құқық бұзушылық" бойынша профилактикалық әңгіме өткізді.
27.02.2023
24.02.2023жылы мектебімізде "Үздік флешмоб" байқауының ақтық кезеңі өтті. Жүлделі орындарға ие болған сыныптарды құттықтай отырып өнерлі өрге жүзсін дейміз
27.02.2023
Бүгінгі өткен республикалық І. Жансүгіров оқуларының аудандық кезеңінде "Ақынның өлеңдерін, прозалық және драмалық шығармаларын жатқа айту, мәнерлеп оқу" номинациясынан 8 сынып оқушысы Төлеуова Айзере ІІІ орын ие болды, жетекшісі - Усенова Рыскүл Рамазановна. Республикалық М. Мақатаев оқуларының аудандық кезеңінде "Айтып өткен ақында арман бар ма?" номинациясынан 8 сынып оқушысы Байрақ Гүлжамал ІІІ орынға ие болды, жетекшісі- Кулмаганбетова Гүлнұр Боранбаевна. Құттықтаймыз!!
27.02.2023
2023 жылдың 23 ақпан күні Целиноград ауданы мектептерінің педагог – психологтарының семинары өтті.«Буллингтің алдын - алу» жұмыстары туралы Ақмол ауылының орта мектебінің психологтары Хавдраш Жанар және Миллер Екатерина Владимировна баяндады . Ағымдағы мәселелер бойынша сұрақтарды білім бөлімінің тәрбие жұмысы бойынша әдіскері Кабыкенова Айткуль Аманжолқызы мектеп психологтары арасында талқылап, әдістемелік ұсыныстар берді.
27.02.2023
Аудан көлемінде Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына орай 3 сыныптар арасында “Мен елімнің мақтанышымын” атты тақырыпта алынған шығармалар байқауы. Мақсаты: Оқушыларды достыққа,адамгершілікке ,саналылыққа елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу. Елін,жерін,тілін,әдет -ғұрпын құрметтейтін ,өз Отанын сүйетін тұлға қалыптастыру. Өткізген: Тастимирова Г.А.
27.02.2023
Целиноград облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында туберкулезге қарсы айлық қарсаңында 9-10 сынып оқушыларымен кездесу өтті. «Целиноград аудандық емханасының медицина қызметкерлерінің аса қауіпті инфекциялардың (карантиндік және шартты) алдын алу шараларын жүзеге асыру» тақырыбында.
27.02.2023
Ақмола облысы бойынша ҚАЖД Целиноград ауданының пробация қызметі бөлімінің бастығы Кенжаділов Мейірхан Уазиханұлы 10-11 сынып оқушыларымен профилактикалық әңгіме өткізді. Әңгімелесу тақырыптары заңдылықты сақтау, қоғамдық орындардағы мінез-құлық ережелері, иттермен кездескен кезде қауіпсіз мінез-құлық негіздері, темекі шегудің алдын алу, ППД болды.
27.02.2023
Учаскелік инспектор Булегенов А.Б. 9-11 сынып оқушыларымен "Құқық бұзушылық" бойынша профилактикалық әңгіме өткізді.
23.02.2023
Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына орай 3 сыныптар арасында “Мен елімнің мақтанышымын” атты тақырыпта алынған шығармалар байқауы. Мақсаты: Оқушыларды достыққа,адамгершілікке ,саналылыққа елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу. Елін,жерін,тілін,әдет -ғұрпын құрметтейтін ,өз Отанын сүйетін тұлға қалыптастыру.
22.02.2023
Педагогика ғылымдарының кандидаты Ф.Я.Вассерманның Биоақпараттану ж/е Синергетика технология бойынша ауызша 1 картасы Әдебиеттік оқу . Тақырыбы: «Балықтарға көмек» Мақсаты:Мәтіннің негізгі ойын анықтай алады.Кейіпкердің іс-әрекетін бағалай алады.Қажетті ақпараттарды тауып,талдау жасап оқи алады.Тақырыпқа қатысты өз ойын айта алады. Өткізген Нугуманова Г.Ж