Текст
05.04.2023
халықаралық деңгейдегі ELT лектор - оқытушымен кездесу
Ағымдағы жылдың 5 сәуір күні халықаралық деңгейдегі ELT лектор - оқытушы,көптеген ағылшын тілі кітаптарының, сондай-ақ Қазакстандағы Express Publishing баспанасының Smiles, Excel, Aspect, Action оқулықтарының бірлескен авторы Bob Obee мырзаның орта білім беретін мектептерінін ағылшын...
04.04.2023
Аудандық "Орталықтандырылған кітапхана жүйесі" өткізген "Бабалар сөзі" сайысында Ақмол жалпы орта білім беру мектебінің оқушылары Киікбай батыр жырының үзінділерін оқып, жүлделі орындарға ие болды.
28.03.2023
Мектебіміздің кітапханасында Наурыз мерекесіне орай "Бақ-берекем, құт-мерекем - әз Наурыз!" тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Бастауыш сынып оқушыларына Наурыз туралы мәлімет берілді. Кітапханашы Калелова И.М.
27.03.2023
"Білім көзі-бастауышта" апталығында кітапханада 2-сынып оқушыларына "Білім құдығы" викторина өткізілді. Оқушылар белсене қатысып, білім құдығынан сұрақтар алып, жауап беріп тәттілер алды. Кітапханашы Калелова И.М.
27.03.2023
Қашықтықтан өткен республикалық Абай оқуларының аудандық кезеңінде "Абай қара сөздері" номинациясы бойынша 9 сынып оқушысы Тукен Айнұр жүлделі ІІ орынға ие болды, жетекшісі - Туркешова Манара Амановна.
20.03.2023
ҰЛЫС ОҢ БОЛСЫН АҚ МОЛ БОЛСЫН Мектебімізде оқушыларымыз. Наурыз мерекесін түрлі іс-шаралармен, ата-аналарымен концерттік бағдарламалар қойып, салт-дәстүрлермен таныстырып және ұлттық ойындар ойнап жақсы қарсы алды.
20.03.2023
16.03.2023 күні #Өзін-өзі басқару ұйымы шағын сыйлықтары мен концерттік бағдарлама дайындап "Қайырымды ұлт" акциясы аясында Целиноград ауданы, Аққайың ауылындағы "Шапағат" атты қарттар үйіне барып , қазыналы қарттарымызды құттықтады. #наурыз2023целиноградауданы #наурызмейрамы #наурызкүйі @aqmoedu @tselinogradsk #өзінөзібаскару @aqmola_daryny @selinograd_audanynyn_akimdigi
20.03.2023
2023 жылғы17-наурыз күні Астана уақыты бойынша сағат 12:00 де домбырашылар челленджі ұйымдастырылды #наурыз2023целиноградауданы #наурызмейрамы #наурызкүйі @aqmoedu @tselinogradsk #өзінөзібаскару @aqmola_daryny @oqu_agartu_ministrligi @selinograd_audanynyn_akimdigi @beibit_zhusupov
20.03.2023
Құрметті ата -аналар!!! Тегін жеңілдетілген тамаққа төмендегі санаттағы отбасылар құжаттарды тапсыра алады электронды Егов kz. порталы арқылы 27 наурыздан – 31 мамырға дейін 2023 жылдын төртінші тоқсанында АӘК/АСП алатын отбасылардан шыққан балаларға: 1. Өтініш электронды түрде толтырады ЭЦП кілтімен; 2. Ата - ананың төлқұжат; 3. Кәмелетке толмаған балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмесі; 4. Неке кию немесе бұзу куәлігін көшірмесі; 5. АӘК/АСП анықтамасы АӘК/АСП алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға: Бұл санатқа кіреді аз қамтылған отбасылар /табысы күнкөріс деңгейінен төмен/; толық емес отбасылар/табысы күнкөріс деңгейінен төмен/; көп балалы отбасылар /табысы күнкөріс деңгейінен төмен/ : 1. Өтініш электронды түрде толтырады ЭЦП кілтімен; 2. Ата - ананың төлқұжаттарының көшірмесі; 3. Кәмелетке толмаған балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмесі; 4. Неке кию немесе бұзу куәлігін көшірмесі; 5. Табыс көзін растайтын анықтамалар: ата - ананың жұмыс орынан анықтама(мөр мен шығыс болу керек); жалақы туралы анықтамасы 2023ж.(соңғы алты айға дейін) жұмыс орнынан; көп балалы, мүгедектік жәрдемақы (2023ж. соңғы 6 айға дейін); алимент (2023ж. соңғы 6 айға дейін) сот орындаушысынан алады анықтаманы; асыраушысынан айырылған жәрдемақы (2023ж. соңғы 6 айға дейін); 1 жасқа дейін жәрдемақы ақы (2023ж. соңғы 6 айға дейін)ЦОН-нан алады. Жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға: 1. Өтініш электронды түрде толтырады ЭЦП кілтімен; 2. Қорғаншының қамқоршылықтағы балаға қатысты қаулысы немесе бұйрығы; 3. Неке кию немесе бұзу куәлігін көшірмесі; Төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға: 1. Өтініш электронды түрде толтырады ЭЦП кілтімен; 2. Ата - ананың төлқұжат; 3. Кәмелетке толмаған балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмесі; 4. Неке кию немесе бұзу куәлігін көшірмесі; 5. Отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру негізінде алқалы органның шешімі. /хаттама/ Целиноград ауданы бойынша 2023 жылдың 1 қантарынан бастап жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейі 40 567 теңге. !! (Отбасына түскен табысты отбасы санына бөлгенде 40567 теңгеден аспауы керек). Ақмол ЖОББМ-нің әлеуметтік педагогі Серик Кайырұлы Тасыбай ☎ тел: 8(778)5758352
20.03.2023
2023 жылдың 16 наурызында Ақмол орта мектебінде «БОЛАШАҚ» кіші ғылыми қоғамымен «ЗЕРЕК БАЛА» атты мектепішілік ғылыми- практикалық конференция өткізілді. Искаков Аңсар Ербулатұлы ,10 А, бағыты: Тарих және өлкетану «Тарихқа тұңған туған өлкем- Ақмолым», жетекшісі Канапина К.С. Ибраим Ақниет,6 "Ж", бағыты: Медицина "Брекет жүйелер: орнатуға арналған көрсеткіштер, түрлері және күтімі", жетекшісі Калабаева Р.А. Омарбек Каусар, 2"Ә",бағыты: Халық дәстүрлері,әдет-ғұрыптары және өнер «Шолпы таққан бұрымың Қандай әсем қылығың?!"» , жетекшісі Абдыкадырова Д.З Терехова Арина, 2"В", история «Моя малая Родина» , жетекшісі Омарова А.Т. Ризабек Алихан ,2 А , бағыты: Дүние тану , тарих, өлкетану " Алаш арысы - Әлихан Бөкейханов", жетекшісі Канапина К.С. Асқарқызы Сара, 2"З", бағыты: Халық дәстүрлері,әдебиет. "Бесік жырының бала тәрбиесіндегі ролі”, жетекшісі Ермұрат К. Ульданов Кирилл , 3 "В"" Что удивительного в поваренной соли", жетекшісі Краевская С. Мұқанбай Жаннұр, 10а. "Отбасы тарихы - ел тарихында", жетекшісі Бустанов Ж.М. Жандарбек Аиша, бағыты: «Қазақ әдебиеті Қазақтың ұлттық киімдеріндегі ою өрнек» , жетекшісі Төлепберген Қ.А. Тулеова Айзере , 8 "д", бағыты: тарих «Жанат Толеуулы Дуйсекеев: Өмірі,кызметі және Ауган согысы кезіндеги әскери міндети» , жетекшісі Шойбекова А.С Ергали Гулжан ,7 "ж", бағыты: тарих «Р.Кошкарбаевтын Рейхстагка Женис туын тигуи» , жетекшісі Шойбекова А.С