АҚМОЛ АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІ
ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА СЕЛА АКМОЛ

Біз әлеуметтік желідеміз

Мектеп директорының блогы

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

«Тәуелсіздік – еліміздің баға жетпес байлығы»

16.12.2022

7 желтоқсан күні​ «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені Қазақстан Республикасы ​ Тәуелсіздік күніне орай ​ «Тәуелсіздік – еліміздің баға жетпес байлығы» атты ​ іс-шара ұйымдастырды. Өткізу мақсаты – өскелең ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу, дене шынықтыру​ дайындығының​ деңгейін көтеру, әскери істің теориялық және тәжірибелік дағдыларын үйрету. Іс-шараға Ақмол ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің жанынан 2013 жылы құрылған «Қаһарман» әскери-патриоттық клубының​ мүшелері – ​ 9-10 сынып оқушылары қатысты.​

Іс-шара басында музей қызметкерлері мен клуб мүшелері Қазақстан Республикасының ​ Әнұранын орындады.

Директордың орынбасары Самат Ілиясұлы Тергембаев кіріспе сөз сөйлеп, оқушыларға қазақстандықтар үшін Тәуелсіз күнінің маңыздылығын айтты. ​ Алғашқы әскери және технологиялық дайындық​ пәнінің мұғалімі Ақжан Қапаровтың басшылығымен «Қаһарман» әскери-патриоттық клубының мүшелері сапқа жүру дайындығының және әскери істің дағдыларын үйрету.

Іс-шара ​ соңында Ақжан Қапаровқа мұражайдан естелік ретінде мемориалдың 10 жылдығы мен жаппай саяси қуғын-сүргіннің басталғанына 80 жыл толуына орай «Ұрпақтар ұмытпайды» атты саяси қуғын-сүргін құрбандары балаларының естеліктер жинағы сыйға берілді.
 

Просмотров: 485


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст