1- қыркүйек білім күні ауданымыздың барлық мектептерінде салтанатты жиын өтті. Бірінші қыркүйек – айтулы және білім нысанындағы үлкен мерекесі! Бүгін барлық білім беру мекемелері есіктерін айқара ашып, білім нәрімен сусындауға келген Отанымыздың жастарын, бүлдіршіндерін құшақ жая қарсы алуда.
Бақыт пен шаттыққа апарар жол, қайнар бұлақ бастауы – білім кенішін қазудан, білім нәрін сіңіруден, білім арнасын кеңейтуден басталады! Целиноград ауданы бойынша мектеп табалдырығын бүгін де 2327 оқушы аттағалы отыр! Мектепке бастаған алғашқы қадамдарың құтты болсын!
Мемлекет басшысы Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаев биылғы жылды «Балалар жылы» деп жариялағанымен қатар, біздің жалпыұлттық міндетіміз - үйлесімді дамуы бар өскелең ұрпақтың бақытты балалық шағы»- деп айтқан болатын.
Баршаңызды бүгінгі Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздерге бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні, жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер, шығармашылық табыс, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілейміз! "Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет" тақырыбында алғашқы қоңырау салтанатты жиыны өтті.
Алғашқы қоңырау салтанатты жиынында мектеп директоры Яхина А.А барлық оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.
Мерекелік іс-шарада Целиноград ауданы Ақмол ауылының әкімі Жанат Төлеуұлы және Целиноград ауданы әкімдігінің орынбасары Алма Кокишевна қатысты. Сондай -ақ ата-аналарда оқушыларға деген ыстық лебіздерін білдірді.