АҚМОЛ АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІ
ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА СЕЛА АКМОЛ

Біз әлеуметтік желідеміз

Мектеп директорының блогы

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

«Біз есірткісіз өмірді таңдаймыз»

27.11.2021

 

Целиноград ауданының полиция бөлімімен бірлесіп «Біз есірткісіз өмірді таңдаймыз» атты іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараны өткізу мақсаты – өскелең ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу, жасөспірімдер арасында денсаулыққа құндылық көзқарасын қалыптастыру, психоактивті заттар мен есірткіге деген қызығушылықты төмендету. Полиция бөлімінің аға жедел уәкілі Радмир Ғазизұлы Мұқашов пен дертін жеңіп, дұрыс жолға түскен бұрынғы нашақор оқушылардың сұрақтарына жауап берді.
Іс-шара барысында жасөспірімдер арасында өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды, салауатты өмір салтын ұстануға дайын болу, есірткінің адамның физикалық және психикалық денсаулығына, сондай-ақ оның әлеуметтік әл-ауқатына кері әсері туралы түсінік қалыптастыру, есірткіні тұтынуға тарту әрекеттеріне қарсы тұру жолдарын үйрету, өзіндік пікірін қалыптастыру және оны қорғау сияқты маңызды мәселелер көтерілді.
 

 

Просмотров: 684


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст