2021 жылдың қазан айында 4 аумақта 2004-2007 жж туған жасөспірімдер арасында футболдан жарыс өтті, оған барлығы 26 команда қатысты. 4 аумақтан жеңімпаз болған 8 команда Ақмол ауылындағы орталык стадионда кездесіп, өзара жеңімпаздарды сарапқа салды. 1 орынды Ақмол ОМ, 2 орынды Қараөткел №2 OM, 3 орынды Талапкер OM командалары жеңіп алды. 10 қазан кунi Акмол ОМ командасы облыстық аумақтық жарыста Ерейментау және Қорғалжын командаларын қабылдап, 3:1, 3:0 есебімен жеңіп, Зеренді ауданында болатын облыстық жарыстың ақтық сынына жолдама алды. Қазанның 13-16 күндері Зеренді ауданында өткен ақтық жарыста өз тобында Зерендіні 6:1, Аккелдi 4:1, Атбасарды 1:0 есебімен жеңіп, жартылай финалда Жақсы ауданының командасын 3:0 есебimeH ұтып, финалда Атбасар ауданының командасын 2:1 есебімен жеңіп, облыс чемпионы атанды. Өрендерімізді жарқын жеңістерімен құттықтаймыз!