Текст
2021 жылы 8 қазанда шаш өрімі бойынша сайыс өтті. 4 сынып оқушылары қатысты.
Мақсаты: Оқушылардың шаш үлгісінің тарихы туралы білімдерін кеңейту. Балалардың назарын сыртқы келбеттеріне аудару. Балаларды ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Байқау онлайн форматта өтті, барлық ұсынылған материалдар мектептің Инстаграм парақшасында жарияланды. Дауыс беру таңғы 9 -дан кешкі 5 -ке дейін болды. Байқау соңында ең көп жиналған дауыс жеңімпаз атанды.
Бірінші, екінші, үшінші орындар дипломдар мен сыйлықтармен, қалған белсенді қатысушылар сертификаттармен марапатталды.