Текст
Мектеп жанындағы «Ақ желкен» жазғы лагерінің жетінші күнін балалар көңілді музыкамен қарқынды жаттығу жасау арқылы бастады. Тәрбиешілер мен балалар Нұр-Сұлтан қаласына саяхатқа атанды. Ботаникалық саябаққа барып, елімізде өсетін өсімдіктер түрімен танысып, таза ауада керемет уақыт өткізді. Жоспар бойынша " Сен білесің бе?...", атты викторина ойынына белсене қатысып, елорда туралы білімдерін көрсетті. Викторина ойыны соңында балаларға тәтті сыйлықтар таратылды. Медбике "таза ауада жеке гигиенаны сақтау" тақырыбында әңгіме өткізді. Тәрбиешілер балаларға қоғамдық орындарда жүріп тұру әдебін естеріне түсіріп қайталады. Саяхатымыз «Орталық саябақта» көңілді ойындар ойнап, серуендеумен аяқталды.