«Ақжелкен» жазғы лагерінің жоспарының екінші күніне сәйкес «Жазғы саяхат» күні болды. Рухани адамгершілік тәрбиені жүзеге асыру мақсатында балалар Қазақстанның көрікті жерлерін вертуалды саяхаттады. Тәрбиешілер «Қазақстанның көрікті жерлері туралы не білесің?» тақырыбында викторина ойынын өткізіп, балалардың отанға деген сүйіспеншілігін арттырды. Ағылшын мұғалімі «Түстер» тақырыбында сабақ өткізді. Дене шынықтыру мұғалімі балалардың денсаулығын нығайту үшін таза ауада түрлі жаттығулар жасатты. Мектеп психологы балалар ұжымында қолайлы әлеуметтік-психологиялық климатты қалыптастыратын ойындар өткізді. Іс – шара соңында қонаққа сайқымазақ келді. Балаларға ойындар өткізіп, би билетіп тамаша көңіл күй сыйлап кетті. Дәмді түскі астан кейін, ИП Утепбергенова балаларға тәтті балмұздақтар ұсынды.