АҚМОЛ АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІ
ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА СЕЛА АКМОЛ

Біз әлеуметтік желідеміз

Мектеп директорының блогы

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

46 оқушы «Жас Ұлан» 65 оқушы «Жас қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылданды,

21.04.2021

2021 жылдың  сәуір айында мектебіміздің 111 оқушысы «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылданды, 46-ы «Жас ұлан», 65-сі «Жас қыран» қатарына өтті. Бұл рәсім «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстандық патриотизмді әр оқушының бойына өмірлік принциптері ретінде қалыптастыру мақсатында өткізілді.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында осы жас өрендерді бәсекеге қабілетті, өзіміздің құндылықтарымыз бен дәстүрімізді сақтайтын етіп тәрбиелеу қажеттігін атап өтті. Ішкі руханият арқылы, сыртқы өзгерістерді жақсы жағынан қабылдап, жаңғырудың даңғыл жолына түсуге болашақ ұрпаққа дара жол көрсетті. Ол соқпақтардан қалай өту керектігін айтып, бағыт-бағдар берді.
Бүгінгі «Жас Ұлан», «Жас қыран» қатарына өткен оқушылар да осы елбасымыз меңзеген дара жолдан ауытқымай еліміздің өркендеуіне өз үлестерін қосады деп сенеміз.

Просмотров: 529


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст